Астана қаласындағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады.
Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ.
Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт сағат 21:00-де басталады.
Қазақстан полициясы күні – осынау жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және қазіргі кезде полиция сапында еңбек етіп жүрген жандарға ризашылық пен алғыс сезімін білдіру, сондай-ақ халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болғандарға құрмет көрсету күні.
Қазақстан полициясы – бейбіт күніміз бен ашық аспанымыздың тыныштығын қадағалап, қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!