Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Батыста дауыл соғады солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Қалаларда ауа райы қандай болады

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздап қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 жылы.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 4-9 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 28-30 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 34-36 градус ыстық.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 36-38 градус ыстық.

Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 21-23 градус жылы.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус ыстық.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 градус ыстық.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 37-39 градус ыстық.

Тараз қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус ыстық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!