Фото: depositphotos.com
31 желтоқсан демалыс күні ретінде белгілене ме? Толығырақ Massaget.kz тілшісі материалында.
Қазақстандықтар бірнеше рет 31 желтоқсанды ресми демалыс деп белгілеу туралы өтініш білдірді. Өйткені Жаңа жыл отбасылық мереке екені белгілі. Осылайша, демалыста жақын жандармен көбірек уақыт өткізуге, мерекелік дастарқан дайындауға мүмкіндік туады.
31 желтоқсан демалыс бола ма?
Tengri Life осы сауалмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінген. Ведомство жауабына сүйенсек, «Қазақстандағы мерекелер туралы» заңға сәйкес 1, 2 қаңтар мемлекеттік мереке саналады. Бұл күндер мереке және демалыс деп танылған. Министрліктің пікірінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндер тізіміне қосу орынсыз.
«31 желтоқсанды демалыс күн деп белгілеу орынсыз деп санаймыз. Министрлік ұлттық және мемлекеттік мерекелерді белгілеу жөніндегі уәкілетті орган емес. Министрліктің құзыретіне демалыс күндері берілмейтін кәсіби мерекелердің тізімін бекіту ғана кіреді», – деп жазылған жауапта.
Министрлік жұмыс және демалыс күндерін қайта реттеу туралы сұраққа да оң жауап бермеген.
Осылайша, 2024 жылдың соңғы айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Ал қаңтарда демалыс күндері мына күндерге сәйкес келеді:
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін
- 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;
- 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) – демалыс, Жаңа жыл;
- 3 қаңтар (жұма) – жұмыс күні;
- 4,5 қаңтар (сенбі, жексенбі) – демалыс күндері;
- 6 қаңтар (дүйсенбі) – жұмыс күні;
- 7 қаңтар (сейсенбі) – демалыс, Рождество.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін
- 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;
- 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) – демалыс, Жаңа жыл;
- 3, 4 қаңтар (жұма, сенбі) – жұмыс күні;
- 5 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
- 6 қаңтар (дүйсенбі) – жұмыс күні;
- 7 қаңтар (сейсенбі) – демалыс, Рождество.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!