Синоптиктердің хабарлауынша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана мен Шымкентте таңертең тұман түседі.
Солтүстік және шығыс облыстарда (Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Абай) нөсер жауын, бұршақ, қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары күйінде қалады.
Батыс пен оңтүстікте (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) шаңды дауыл, бұршақ пен найзағай байқалуы мүмкін. Әсіресе Маңғыстауда шаңды дауыл, қатты жел күтіліп отыр.
Алматы облысында аптап ыстық 35 градусқа дейін жетпек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!