KAZINFORM – 24 қаңтарда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша,Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31 градус аяз болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматыда кей уақытта тұман түседі. Қонаевтада 24 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз (30-33 градус) болады. Өңірдің шығысында, таулы аудандарында аздаған қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз (25-29 градус) болады. Талдықорғанда түнде қатты аяз (27-29 градус) болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с болады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!