Әр сайлауда халықтың сенімі мен үміті таразыға түседі. Саяси науқанға қатысып, дауыс берген әр азамат өз позициясын берік ұстанып, шынайы сеніммен қатысады. Елдің болашағына бейжай қарамайтын тұлға саяси оқиғаларды ой елегінен өткізіп, саралайды. Өзі өмір сүріп жатқан қоғамды қалай жақсы жаққа өзгерте аламын деген мәселені жан-жақты қарастырады.

Кезектен тыс өткен бұл жолғы сайлауда қызылордалықтардың белсенділігі жоғары болғанын байқадым. Оның ішінде жастардың үлесі басым. Бұл – жастардың ел болашағы үшін таңдау жасауға селқос қарамайтынының, саяси науқанда өз құқықтарын, таңдау еркіндігін пайдалануының көрінісі. Аталған санатқа енетіндердің белсенділігі жастардың көшбасшысы ретінде мені шын қуантты.
Үш жүздің биін сайлап, ел билейтін ханды ақ киізге көтерген ата-бабалардың үлгісімен мемлекет басшысын таңдау, дауыс беру – әр азаматтың міндеті. Биылғы сайлау әділ өтті деп санаймын. Себебі қызылордалықтар ашықтық пен демократия орнаған қоғамның бір өкілі.

Талғат Тілес,

Қызылорда облыстық жастар

ресуртық орталығының директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!