Полиция мәліметінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.
31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция мәліметінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.
“Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысы Шарбақты ауданында 8 жасар бала тереңдігі 3 метр болатын сантехникалық траншеяға құлап кеткен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!