Синоптиктер 9 шілдеде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 15 өңірінде найзағай, дауылды жел, шаңды дауыл және қатты ыстық күтілетінін ескертеді. Сол сияқты біраз өңірде өрт қаупі жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана – күндіз найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысы – таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысы – күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде найзағай. Жел екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы – күндіз найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 15-20 м/с. Сол сияқты өрт қаупі өте жоғары.

Қарағанды облысы – күндіз жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай. Жел екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы – найзағай, бұршақ, дауыл. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы – өрт қаупі жоғары. Жел екпіні – 15-18 м/с.

Абай облысы – жел екпіні 15-20 м/с, өрт қаупі өте жоғары.

Алматы облысы – күндіз таулы аймақтарда жаңбыр, кейде найзағай. Жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз +35°С. Жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысы – күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз +35°С.

Түркістан облысы – күндіз +40°С ыстық, таулы аймақтарда найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Шымкент – өрт қаупі өте жоғары, күндіз +40°С ыстық.

Қызылорда облысы – күндіз шаңды дауыл. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысы – күндіз +35°С. Жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысы – күндіз жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз +35-38°С. Өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы – күндіз +38°С. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – күндіз +35°С, өрт қаупі жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!