Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленген. Ол ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Осы орайда агенттік сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмейтінін хабарлады. «Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот қабылдайды», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!