«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жезқазғанда желдің екпіні секундына 16 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.
Қарағанды, Орал және Павлодар қалаларында найзағай күтіледі.
Алматы облысында найзағай, қатты жел және 36 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтіліп отыр.
Қызылорда, Тараз, Қостанай қалаларында және Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында 42 градусқа дейін аптап ыстық және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!