Адырна. Бүгін, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Атаулы күн 2012 жылдан бастап мемлекеттік мерекелер санатына қосылған.
1991 жылдың 25 қазанында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұл құрылым кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Жарлыққа қол қойды. Аталған Жарлыққа сәйкес, республика аумағындағы бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы барлық әскери бөлімдер, мекемелер мен құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне өтті. Сонымен қатар, Президент Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде елдің Қарулы Күштерін басқаруды өз қолына алды.
Қорғаныс саласымен тікелей айналысатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды. Ол — тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі ретінде ұлттық армияның қалыптасуына зор үлес қосты.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!