Қазалы тұрғындары құрқылтай құсының ұясы 80 түрлі сырқатқа шипа екенін айтады. Дертіне шипа іздеген жан емшіге құрқылтайдың ұясын өзі ала келетін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Құс ұясы Арқадағы қасқырдың өті сияқты, сақтап қойып, қажет жағдайда қолдан-қолға өте береді.

“Ана болу бақытына ие бола алмай, жүкті бола алмай жүрген жандарға біздің текті, қолында емдік қасиеті бар, тәрбиелі, өсіп-өнген аналарымыз оны булау арқылы, кешкілік жатар уақытта ем ретінде пайдаланып отырған. 05:56 қазіргі кезде дәрі-дәрмексіз, операцияға бармай, осы құрқылтайдың арқасында ана бақытына ие болып жатқан жандар өте көп”, – дейді Қазалы ауданының тұрғыны Шынар Есбергенова.

Нәрестелі бола алмай қиналған бұл ауылдың келіншектері – әулиелердің   басына түнеп бала сұраған, емханалардың табалдырығын тоздырған. Ақыры, оның ешқайсысы нәтиже бермей, құрқылтайдың ұясына отырып көтердік дейді. 

“Мен сол құстың арқасында бала көтеріп, балалы болып отырмын. Бірнеше жыл бұрын құрқылтайдың ұясын өзім пайдаландым. Сол арқылы балалы болдым. Қазір шүкір балаларым бар. Осылай құрқылтайдың ұясының қасиетіне көзім жетті”, – дейді Қазалы ауданының тұрғыны Ақкенже Дембаева.

Құрқылтайдың   құдіреті   барын   Қазалыдағы   әжелер   жарыса   айтады. Емші Тұрсын апа кішкентай ғана ұяның көмегімен талайды дертінен айықтырдым деп отыр. Аудан орталығы Әйтеке би кентінде тұрады, бірден бізге құрқылтайдың ұясын пайдалану жолын көрсетті.

“Мынаның   демі   кішкентай   басылғанша,   ыссысы   қоямыз,   мынаны адамның ауырған жеріне басамыз. Күймейтін болған уақытта. Мынаны бүйтіп қойып, кімнің бүйрегі ауырады, кімнің тізесі, аяғы аурыады, соған мынаны ораймыз, аяқты, бүйректі, сөйтіп жату керек күтініп. Мынаның ыстығы басылғанша”, – дейді емші Тұрсын Керімбердіқызы.

Тұрсын апа бұл іспен 30 жылдан бері айналысады. Ем іздеп Астанадан, Шымкенттен, Ақтөбеден де келетіндер бар көрінеді.

“Құрқылтайдың ұясы дегенді ұялап балапан ұшқаннан кейін алу керек деп, балапан ұшқаннан кейін пайдаланамыз. Бұл құрқылтайдың ұясының көп көмегі бар ауруға. Қазір медицина дамыған ғой, сонда да ата-бабан келе жатқан емдерді осы кезде көбіне-көп пайдаланып жүрмін. Қасиеті мұның көп. Көп ауруларға ем бұл. Әсіресе бүйректе тас бар, құм бар деген бар” – дейді емші. Ел ішінде Құрқылтайдың ұясын тауып алған адамның жолы болады деген де ырым бар. Өзі – Мамықтай жұп-жұмсақ екен. Құстың ғажайып шеберлігіне, кішкентай талшықтарды қиюластырған еңбекқорлығына таңғаласың! “Құрқылтай деген өте қасиетті құс екен, өзінің мекенін өзінің ұясын, өзінің мекенін ұясын ол өзінің сілекейі мен жібек матаның   қылымен, шөптермен әдемі орналастыра отырып, өріп тоқиды екен”, – дейді Қазалы ауданының тұрғыны Шынар Есбергенова. 

Құрқылтай тек Сырдария бойында емес  Арал теңізі, Балқаш-Алакөл, Еділ  мен Жайық алқабында, Елек бойында, Арал   теңізі, Шу, Талас өзендерінің тоғайлы, тораңғылы алқабында көп кездеседі. Жалпы құрқылтайдың ұясының қасиеті мен пайдасын қазақ ежелден білген, біз тек соны ұмытпай жалғап келеміз, дейді қазалалылықтар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!