Елорда тұрғыны «нағыз қылмыскерлердің» бостандықта жүргенін айтады,деп хабарлайды taulik.kz halyq-uni.kz-сайтына сілтеме жасап.
20 жыл бірге тұрған күйеуі мен қайын жұрты сұрауы жоқ адамдарды өз үйлерінде өлтіріп, етін қайнатып жегенін айтқан Шолпан Кучербаева көмек сұрайды.Оның айтуынша қылмыскерлер екі көзін сірке суымен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлеп ішкізіп, жөзекшелікпен айналысуға күштеген.
Шолпан Кучербаева қазір «адамжегіштер» әулетінен қашып кетсе де, олардың әлі күнге дейін бостандықта жүргені жанына бататынын айтады. Ол Астанадағы Алтынемел көшесінде тұратын Сүйінжановтар әулетін «адамжегіштер» деп айыптап, жантүршігерлік жағдайларға дәл осы үйде куә болған. Азаматтық некеде болған 57 жастағы Айбек Сүйінжановпен 2001 жылы табысқан екен.
«Отбасында анасы, қарындасы және оның қызымен бірге тұрдық. Екі баламыз болды, қазір олар Малиновкада келінімнің қолында тұрып жатыр. Балаларымды менен күшпен тартып алып, аналық құқығымнан айырды», – деді Шолпан Кучербаева.
Күйеуінің тұрақты жұмысы болмаған. Үйге күніге бөтен адамдарды ертіп келіп, бірге отырып арақ ішкен. Ал ішімдікке жұмсайтын ақшаны ұрлықпен табатын көрінеді. Шолпанның айтуынша, күйеуі олармен бірге тұрған туған қарындасы мен оның 5 жасар қызын талай рет зорлаған. Өзі ғана емес, сырттан келген достары да зорлық көрсеткен. 20 жыл бойы сұмдық жағдайларға шыдап келген Шолпан 2019 жылдың қазан айында үйінен қашып кеткен. Полицияға бірден арыз жазғанымен, нәтиже болмағанын айтады.
«2018 жылы күйеуімнің қарындасы екі көзімді сірке суын шашып күйдірді. Ол үйде жас жігітті пышақтап жатқанын көріп, Елдар есімді уческелік полицейге хабарлайтынымды айтқанымда, көзіме сірке суын құйған болатын. Қан жуса болған жігіт қатты айғайлап, көмекке шақыра берді. Мойнынан кесіп тастап, сол жас баланың етін пісіріп жеді. Олар адам жейді. Етті қайнатады, сүйектерін лақтырып жібереді.Олар ішіп отырған кезде киініп, байқатпай үйден қашып кеттім. Содан бері Зейнеп апамен бірге тұрып жатырмын. 2019 жылы олар Ерлан Қанапянов деген жігітті балтамен шауып өлтірген. Көшеде жүргендерді үйге әкеліп,өлтіріп, етін бөлшектеп пісіріп жейді. Мен жатын бөлмеде тұрдым, осының барлығына балаларым үшін шыдап келдім», – деді Шолпан Кучербава.
Шолпан қазір бір ғана нәрсені қалайтынын айтты. Ол – өзін мүгедек еткендердің жазалануы.
«Құрметті Президент, Сүйінжановтар әулетінің жазалануы үшін өзіңізден көмек сұраймын. Қай жерге жүгінсем де, мені тыңдамайды. Солардың кесірінен 1-топ мүгедегі атандым. Сол жігітке тұрмысқа шыққаным үшін туыстарым менен теріс айналған. Бірінші күйеуімнен екі балам бар, олар үйлі-баранды жандар. Екінші некедегі Айбек Сүйінжановтан екі ұлым бар, біреуі – 20 жаста, екіншісі 7-сыныпта оқиды. Олармен сөйлестірмейді. Адам өлтіргендер әлі күнге дейін бостандықта жүр. 3 жыл бойы мені аңдып жүрді. Былтыр ғана тынышталғандай болды. Тіпті, ол туған анасын да араққа сатты. Анасының көзін қасықпен ойып алған. Менің мүгедек болғым келген жоқ. Балаларым маған хабарласпайды. Олармен кездесіп, сөйлескім келеді. Менің кінәм жоқ қой», – дейді Шолпан.
Ал Шолпанды 68 жастағы өз қамқорлығына алған Зейнеп Өмірбекқызы:
«Бір бөлмеде 10 адам өмір сүреміз. 22 жылда Үкіметтен бір баспана берілмеді. Төрт баланы асырап алғанмын. Екеуінің мүгедектігі бар. Өзім сияқты 3 әйелге қарап отырмын. Біреуі – Шолпан, қалған екеуінің денсаулығы нашар. Қазір баламның үйінде тұрып жатырмыз. Алтай Көлгінов әкім болған кезде үйімізді жөндеп бергендей болды. Алайда жөнді істемеді. Бәрі іріп-шіріп жатыр. Ал Сүйінжановтар әулетіне келсем, олар расымен адам жейді, шетінен ішкіштер. Анасын, әйелін нанға, темекіге сатып, жөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Шолпанның сау жері жоқ», – деді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!