Біздің елімізде бүгінгі күн і«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарының міндеттері жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру болып табылады.  Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ауқымды бөлігін қамтамасыз етуі әділет органдарымен тығыз байланысты.


Биыл Әділет органдарына 31 жыл толып отыр. Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңдымүдделерін қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Сондай-ақ,мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне заңнаманы жетілдіруге, әділеттілік ұстанымын бекітуге азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға әрдайым белсенді үлесін қосып келеді. Ағымдағы жылдың 22 тамызында Арал ауданында ҚР Әділет вице-министрі халықпен онлайн кездесу өткізді.


Бүгінде Қызылорда облысының тұрғындары Digital Justice – Цифрлық Әділет жобасы аясында іске асырылған мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланады.


Министрлікпен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Digital Justice» жобалар портфелі іске асырылуда. Онда келесі жобалар: «Цифрлық нотариат», «Е-заң көмегі», «Аттестаттау реинжинирингі», «е-атқарушылық іс жүргізу» және «Онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу» жүзеге асырылады.


Қазіргі таңда, мобильді қосымшаларда қол жетімді 32 қызметтер бар, оның ішінде 28-і EgovMobile арқылы іске асырылды, 4 қызмет банктердің мобильді қосымшалары арқылы қол жетімді екенін естеріңізге саламыз. Тәуелсіздік тарихындағы жылдарда Әділет органдарының көптеген жетістікке жетті. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, бастамаларыңыз сәтті болып, атқарып жатқан игі істеріңізде абырой билігінен көріне беріңіздер! Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

З.Айтжанова,

Арал ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!