22-30 маусым күндері Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы аудандар мен Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездеседі.
Халықпен кездесуден кейін облыс әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылуға болады. Ол үшін «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және облыс, қала әкімдігіне және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру керек.Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Жеке қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондарына хабарласып білуге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!