Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожухов тұрғындардың ауыз суда құрттар бар деген шағымынан кейін «Қарағанды ​​су» ЖШС-нің сорғы станциясында болып, дәл сол суды өзі ішіп дәмін татты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін қарағандылықтар ауыз суында құрт бар екенін айтып шағымданған. Осы жайттан соң су сапасын әкім өзі тексеріп көруді шешкен. Ол әлеуметтік желіде тәжірибе нәтижесімен бөлісті.

«Қаладағы су құбыры арқылы ағып жатқан суды сынап көрейік. Бұл боржоми емес, жақын жердегі құбыр суы», – деді Кожухов.

Әкім дәм татқан суда тұрғындар әлеуметтік желіде айтып жүрген бөтен дәм мен құрт болмағанын айтты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!