Әкімдік қызметкерлері жер заңнамасының нормаларын қате түсіндіреді. Мұны ОКҚ-де өткен брифингіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір барлық өңірлерде әкімдіктер жерді жалға алу мерзімін ұзарту мәселелерін жер комиссияларының қарауына шығарды. Бірақ бұл талап заңмен қарастырылмаған. Шын мәнінде, бұл процедура бизнес үшін жасанды кедергі.Мұнда әкімдік қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың нормаларын қате түсіндіреді. Сондықтан агенттік Жер ресурстарын басқару комитетінен Жер кодексінің ережелерін ресми түсіндіруді сұрады. Бұл түсініктемені біз барлық әкімдіктерге жолдадық және мәселені толығымен жаптық», – деді Превенция қызметінің басшысы.

Сонымен бірге Саян Ахметжановтың дерегінше, «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтірген 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Бұған қоса, өңірлердегі білім басқармаларының қызметкерлері Kundelik.kz-ке мектеп асханасындағы мәзірді орналастырғаны үшін кәсіпкерлерден ақша алып келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!