«Бүгін оқыған екі ақпаратым!

  1. Бір өңірде мектепке жұмысқа тұрудың орташа құны 1,2 миллион теңге.

(Бірақ, дәл сол өңірде біздің мектепте мұғалімдерге бос орындар бар, бірақ, конкурстан өте алмай жатыр… )

  1. Жасанды интеллект 5 жыл ішінде Гонконгта 800 мың халықты жұмыссыз қалдырады. Ал әлем бойынша 300 млн адам жұмысынан айырылмақ. Гонконг әлемде жасанды интеллект қарқынды енгізіліп жатқан қала.

Екеуі де болашаққа тікелей қатысты, екеуі де бізді ойландыру керек!
Өзім екеуін де ойлағанда еліміздің ертеңі туралы қорқып кетемін!

Жұрт жасанды интеллектті меңгеріп жатса, біз жемқорлықтан аса алмай жатырмыз. Оның басты себебі… көп!

Ал, өзім 4 айдан бері 8 қалаға маман қабылдап отырмын!

Ізденісі мол, білікті маман болса деп. Парасыз жұмысқа тұруға мүмкіндік қой. Біраз, маман қабылдадық, әлі біраз орын бос!

Вакансиялар 4 айға жуық толық жабылмағанына қарап, QAZBILIM жұмыс бағыты ұлғайған сайын маман табу деген проблемаға жолыға беруге қарап, жұмыссыздыққа күмән келтіре беремін!

Мен ғана емес, жұмыс беріп жүрген компанияның бәрінде ең қиын проблема не деген сұраққа, маман табу деп жауап береді.

Соған қарап елімізде ең ауыр мәселе жұмыссыздық емес, біліксіздік, – деп жазған ем, екі жыл бұрын. Әлі сол пікірдемін!», – деп жазды Аятжан Ахметжанұлы фейсбук парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!