Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев медицина мекемелерін аралау кезінде облыстық онкология орталығына арнайы барып, емделушілердің хал-жағдайын сұрады, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Орталық ғимараты 2021 жылы салынған. Бос тұрған денсаулық сақтау саласы ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана былтыр материалдық-техникалық жабдықтарымен бірге облыстық онкология орталығына берілді. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.

Аймақ басшысы емделушілерге барлық жағдай жасалу керектігін, орнатылған құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануды ескертті.

«Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы емдеу, ауыр халдегі науқастарға барынша қолдау көрсету – орталық қызметкерлерінің басты міндеті. Осындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!