Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Алдымен Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның мердігері «УАД», техникалық қадағалаушысы «ЗКА Проект», авторлық қадағалаушысы «КБ МұнайГаз Инжиниринг» серіктестіктері. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 6,71 шақырым, ені – 14 метр.

Әрі қарай аймақ басшысы республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының «Қызылорда-Жезқазған» 2-12 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта Бейбарыс сұлтан көшесі мен Жаппасбай батыр көшесінің қиылысындағы жол айрығынан бастап «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпірге дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары басталған.

Жол құрылысын «Дорстрой» ЖШС жүргізуде, «АДСИ» ЖШС техникалық тұрғыдан қадағалайды. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 9,8 шақырым, ені – 14 метр. Жоба құны – 2,4 млрд.теңге. Бұл жоба бойынша жол салу құрылысында жаңа технологияларды пайдалану қарастырылған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолы «Қызылорда-Сексеуіл» 1337-1806 шақырымы аралығындағы қайта жаңарту, Қызылорда қаласы айналмалы жолы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарымен танысты. Айналма жолдың бірінші учаскесі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткен, жоба құны – 46,3 млрд. теңге.

Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап жолдың сапалы салынуы, құрылыстың уақытылы аяқталуы екенін айтты. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.

Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады
Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады
Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады
Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады
Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады
Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!