Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгені туралы ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті хабарламаны қалалық әкімдік 2024 жылғы 21 шілдеде жариялады.
«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде жалған хабарламаларға байланысты, сізден мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және жалған хабарламаларға сенбеуіңізді сұраймыз. Сіздің ақшаңызды заңсыз алу үшін интернет-алаяқтар жіберіп жатыр», – делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.
Еске салайық, бұған хабарлама тағы таралғанын жазған едік. Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Stopfake-тің хабарлауынша, бұл жалған.
Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлаған. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бірде-бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, қаржы министрлігінің сайтындада ештеңе жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!