Фото:www.istockphoto.com
Абай облысы Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл көлінде 17 жастағы бозбала суға батып кетті. Ол жағалаудан 500 метр қашықтықта, суға шомылуға арналмаған жерде болған, – деп хабарлайды Аikyn.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім қайықты жалға алған. Сол жерде ол құтқару жилетін киместен суға секірген. Салдарынан суға батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмысына 12 адам – құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен сүңгуірлер жұмылдырылды. Сонымен қатар эхолот, дрондар және төрт жүзу құралы пайдаланылды. Жасөспірімнің денесі 6 метр тереңдіктен табылды.
Оқиғаға байланысты Абай облыстық Полиция департаменті 32 жастағы қайық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, адамның өліміне себепкер болды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша тергеліп жатыр. Қазір тергеу амалы жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!