Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін «Range Rover» көлігінің жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әлеуметтік желіде көлік терезесі мен люгінен денесін шығарып алған екі жігіттің видеосы тараған болатын.Бейнежазба тәртіп сақшыларының назарына ілініп, нәтижесінде жол ережесін бұзған 1996 жылы туған К. есімді көлік жүргізушісі анықталды.«Range Rover» көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!