Биыл мегаполистегі жоғары оқу орындарының бірінде 117 миллион теңгеге бір дана кітап сатып алу жоспарланған. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында кітап сатып алу барысындағы қымбатшылық фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мониторинг барысында сипаттамаларда тауардың атауы, сондай-ақ жоғарыда аталған кітаптың авторы көрсетілмегені анықталды», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Тендер өткізілмейтін болды. Мекемеде атап өтілгендей, мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жіберіліп, онда жоспарланған жұмыс бойынша бір кітап емес, бір лот көрсетілген.
Айта кету керек, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылға арналған мониторинг бойынша 13 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойған.
Еске салсақ, Атырауда масаны улауға 130 млн теңге бөлінген. Белгілі болғандай, қалада масаның үш түрі мекендейді, жәндіктер жаңбыр жауған жерлерде көбейеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!