Фото: pexels.com

Осы аптада еліміздің бірқатар өңірінде әр салада жаңа басшылар жұмысына кірісті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аян Еранұлы Мағзұмов Үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Аян Мағзұмов 1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

2009-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы.

2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды.

2013-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде сектор меңгерушісі.

2019 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бас инспектор.

2019 жылдың қараша айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылғы қазаннан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісі.

2023 жылғы ақпаннан бастап — ҚР Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

Алматы облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Болат Қайратұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану», 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының мемлекеттік қызметшілерді тексеру жөніндегі топтың жедел уәкілі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша департаменттерінде, ҚР ҰҚК төрағасы аппаратының басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

2021 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі қызметіне Нұрлыбек Өнербаев тағайындалды.

Айта кетейік, Нұрлыбек Өнербаев 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қаласының қаржы бөлімінің материалдық өндіріс салалары бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2007 жылдан бастап облыстық Қаржы департаменті нақты секторды қаржыландыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2009-2011 жылдары аралығында Қарғалы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, 2011-2013 жылдары аралығында Ақтөбе облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі болды. 2013-2016 жылдары аралығында «Ақбұлақ» АҚ вице президенті, 2016-2021 жылдары аралығында Ақтөбе облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облыстық Қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі тағайындалды.

Бұл лауазымға 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков кірісті.

Ол еңбек жолын 2001 жылдан бастап «Автолизинг Қазақстан» ЖШС (Алматы қаласы) компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ, елорданың Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үй – коммуналдық мәселелер бойынша өзінің жаңа кеңесші Әнуар Күмпекеевті таныстырды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әнуар Қайыргелдіұлы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Брэдфорд университетінде, Ұлыбритания, экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының түлегі.

Еңбек жолын 2005 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады. 2007 жылғы қазаннан бастап «Қазақстан Республикасы биотехнология ұлттық орталығы» РМК стратегиялық даму департаментінің директоры, Маркетинг және коммерциализациялау департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен бастап коммерциялық құрылымдарда әртүрлі басшы лауазымдарда жұмыс жасады. 2009 жылғы желтоқсаннан бастап «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департамент директоры, 2011 жылғы шілдеден басқарма мүшесі – басқарушы директоры.

2012 жылғы шілдеден Ақмола облысы Степногор қаласы әкімінің орынбасары, 2015 жылғы мамырдан Степногор қаласының әкімі, 2018 жылғы тамыздан Павлодар қаласының әкімі лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы қазаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Дереккөз: KAZINFORM

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!