Синоптиктер 20 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Күндіз Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 35-37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 жылы.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады – 3-8, түнде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 градус ыстық.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады – 9-14, түнде екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 33-35 градус ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус ыстық.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

Оралда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 26-28 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.

Петропавлда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады – түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус ыстық.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 30-32 градус ыстық.

Семейде көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 28-30 градус ыстық.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус ыстық.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 34-36 градус ыстық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!