Синоптиктер Қазақстанның көптеген өңірінде найзағай мен қатты ыстық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел және өрттің жоғары қаупі күтіледі.
Алматы және Жетісу облыстарында найзағай, жел, 37 градусқа дейін аптап ыстық және өрттің жоғары қаупі болжанып отыр.
Қонаевта, Түркістанда және Түркістан облысында 15-20 м/с дейін жететін екпінді жел, 40 градусқа дейінгі аптап ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Семей, Өскемен, Ақмола және Абай облыстарында найзағай, бұршақ және 15-20 м/с дейін жететін жел болжанады.
Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында өрттің жоғары қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!