5 шілдеде Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, кей өңірлерде қатты ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +22…+24.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан солтүстік-батыстан 9–14м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +23…+25.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +24…+26.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +36…+38.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +40…+42.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +36…+38.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +41…+43.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +41…+43.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік-батыстан түнде 2–7 м/с жел соғады, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +30…+32.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с жел соғады, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +31…+33.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30.
Петропавлда күндіз күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыстан түнде 9-14 м/с жел соғады, күндіз 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +22…+24.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +25…+27.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +23…+25.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35.
Семейде көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады, екпіні 22 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, екпіні 16 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз +35…+37.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +35…+37.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!