Сұлу Сырдан қанат қағып қазақтың, әлемнің ән өнерінің көгінде жұлдыз болып жарқыраған ғазиз ғұмыр иесі – Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» республикалық әншілер конкурсының ашылу салтанаты мен І кезеңі аяқталды.

Конкурстың ашылуына қатысқан аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлы тұлғаның ұрпақтарына құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Аталған конкурсқа республикамыздың 9 өңірі мен Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан 15 әнші қатысуда.

Конкурс ережесіне сәйкес талапкер әншілер І кезеңде Роза Бағланованың репертуарындағы әндерден камералық оркестрдің сүйемелдеуімен ән орындады. Ертеңгі өтетін ІІ кезеңде қатысушылар Қазақстан композиторларының әндерінен конкурстық ән орындайтын болады.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!