Мониторинг жүргізу кезінде «Тик-ток» әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жаға ұстатар фактімен Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы бөлісті.
«Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған», – деп атап өтті Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу» бойынша алдын ала анықталған.
Қаскөй Қазақстанның 5 өңірінде кішкентай қыздарды алдап, ұятты суреттерін тыйым салынған шетелдік сайттарға жариялап отырған.
Қазір күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр.
«Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Құрметті ата-аналар, Сізден балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз, өйткені бұған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануы, бақылаудың жоқтығы себеп болып отыр», –
Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
#жалаңаш қыздар#фотосуреттер#тикток
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!