31 мамыр Әліби Жангелдин мен Дінмұхаммед Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Скутерді 16 жасар бала басқарған. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!