Айдынды Арал өңірінде ел көптен күткен жобалар жүзеге асуда. Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуында да оң тенденция бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев хабарлады.
Инвестиция игі баста маларға жол ашатыны белгілі. Жыл басынан бері ауданға 16,5 миллиардтан астам инвестиция тартылып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыс тырғанда өсім 1,8 есеге жеткен. Өнеркәсіп саласында да қарқын бар. Мұнда 18,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 5,1 пайызға жетсе, оның 70 пайызы өңдеу саласына тиесілі. 2025 жылы аудан көлемінде жалпы құны 13,1 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде «Ase Invest» ЖШС нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы мамыр айында жұмысын бастады. Жобаның құны 300 миллион теңгені құрып, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал қалған 5 жоба жыл соңына дейін іске қосылмақ.
Ауыл шаруашылығы саласында 3,5 миллиард теңгенің өнімдері өнделген. Алты айда мал басы 249,1 мың басқа жеткен. Ал егін 983 гектар жерге егілген.
Теңізді өлкені айтқанда, балық шаруашылығының жайын қозғамау мүмкін емес.
– Қазіргі таңда ауданда жылдық қуаттылығы 23900 тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде 2 кәсіпорында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Евроко» белгісі бар. Бұдан бөлек 15ке жуық балықты сұрыптап қатыру және сақтау цехтары жұмыс істеуде.
Бүгінгі күні ауданда тауарлы балық өсіру шаруашылығын дамыту басты міндеттердің бірі. Тауарлы балық өсірумен 16 шаруашылық айналысуда. Оның ішінде 7 көл тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 8 тоған және 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтары жұмыс жүргізіп келеді. Қосымша жыл соңына дейін тағы 2 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, – деді аудан әкімі. Ауданда экологиялық ахуалды жақсарту бойынша да бірқатар жұмыс атқарылуда.
– Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға нақты тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес Арал теңізінің құрғаған ұлтанына бес жыл ішінде жалпы аумағы 1,1 миллион гектар сексеуіл егу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Арал теңізі құрғаған ұлтанының көлемі 4,5 миллион гек тарды құраса, оның 2,2 миллион гектар жері Қазақстан Рес публикасына тиесілі. Осыған сәйкес елімізде биологиялық әркелкілікті сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ұзақ мерзімді кешенді жоспар бекітілді. 2021 жылдан бастап, 2025 жылдың көктем мезгіліне дейін Арал теңізінің құрғаған табанындағы 790,9 мың гектарға сексеуіл көшеттері мен тұқымдары егілді. Жоспар бойынша осы жылдың күз айында 15 мың гектар жерге сексеуіл көшетін отырғызу, 85 мың гектар жерге тұқым себу жұмыстары жүргізіледі. Арал теңізі мәселесіне шетелдік тер мен халықаралық қор лардың назарын аудару, өңірдегі экологиялық ах уалды жақсартуға бағыт талған маңызды жобалар ел Үкіметінің және аймақ басшысының тікелей назарында екенін айта кеткен жөн. Осы мәселелер бойынша ауданға бірнеше мәрте үкіметтік делегация өкілдері келді. Тіпті әлемдік, халықаралық банктер мен қорлардың өкілдері экологиялық апат аймағында болып, теңізге деген жана шырлықтан туындаған әр бастамаға қаржылай қолдау беріп, жобаға жан бітіруге ынталы, – деді Аманжол Сақыпұлы.
Ауданды газдандыру бойынша соңғы 3 жылда 6,8 миллиард теңгеге 228,3 шақырым газ желісі жүргізілген. Ал аудан халқының 71,2 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған.
Ауданның Сыр беткейіндегі жұртшылық үшін жағымды жаңалық құны 6,3 миллиард теңгені құрайтын Қамыстыбас елді мекенін газдандырудың автоматты газ тарату стансасы құрылысы басталды. Бұл станса арқылы 18 елді мекендегі 15 мыңға жуық халық көгілдір отынға қол жеткізеді.
Аралда инфрақұрылым, білім және денсаулық салалары бойынша да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар бар. Өткен оқу жылында 59 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иеленсе, 88 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған.
Денсаулық сақтау саласында да жаңа медициналық нысандар ел игілігіне берілді.
– «Ұлт саулығын нығайту» жобасы аясында орталық аурухана жанынан 17 төсектік нейроинсульт, 35 төсектік кардиология бөлімшелеріне арналған жапсаржай құрылысы басталды. Оған МРТ және ангиограф қондырғылары орнатылатын болады. Осы арқылы аудан тұрғындары өзге аймақтарға бармай, өз жерінде тиісті ем алуына мүмкіндік туады, – деді аудан әкімі.
А.НҰРТАЙҚЫЗЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!