8 наурыз қарсаңында қыз-келіншектер туралы көп айтамыз. Олардың гүл ұстаған, күлімдеген, құттықтау мен жылы сөзге шомылған бейнесін көреміз. Ал нәзіктікпен қатар әйелдің бойында қайсарлық та, табандылық та бар емес пе?!

Таңғы алтыда жұмысқа асығады, қызметтік киімін киеді, маңызды шешім қабылдайды, тәртіпті қадағалайды, емделушіге шипа болады.

«Ақмешіт жастары» редакциясы мереке қарсаңында сан алуан салада еңбек етіп жүрген, нәзік болғанымен, нағыз қайсар қыз-келіншектермен арнайы сұхбаттасты.

Бірі – прокурор, бірі – шаршы алаңда қайсарлығын дәлелдеген спортшы болса, келесі кейіпкер нанның иісі арқылы қаланы оятып жүрген наубайханашы. Ал енді бірі тіс дәрігері мен подполковник.

Иә, кейіпкерлеріміздің жолы әртүрлі. Десе де оларды отбасы, еңбек пен мінез біріктереді.

Мереке құтты болсын, құрметті оқырман!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!