Бұл туралы Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектепке дайындық үшін әр балаға берілетін 40 мың теңге көмекті алуға келген жаңаөзендіктердің видеосы тарағанын хабарлаған едік.

Жаңаөзен әкімдігі әлеуметтік көмек 1 қыркүйекке дейін ата-аналардың есепшотына жіберілетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар және атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы көнкөріс деңгейі шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек беріледі. 2023-2024 оқу жылына жоспар бойынша 5 900 оқушыға көмек көрсету жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 10 жұмыс күні ішінде 2 937 баланың статусы анықталып, құжаттары қабылданып жатыр, – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, биыл 18 тамызға дейін әлеуметтік көмек алатын ата-аналардың өтініштері толық расталады. Ал қаражаттары ата-аналардың есепшотына 1 қыркүйектен кешіктірілмей түседі.

Айта кетейік, оқу жылына дайындық үшін берілетін 40 мың теңгені алу үшін жаңаөзендіктер ұзын-сонар кезекте тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!