Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі жобалардың іске асырылуы, құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысы, басқа да өзекті мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жауапты басқарма басшылары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқыны туралы баяндады. Аймақ басшысы жұмыстың кестеге сәйкес жүргізілуін қатаң қадағалауды ескертті. Әсіресе, әлеуметтік нысандарды уақытылы аяқтап, қолданысқа беру өте маңызды екені айтылды.
Мұнан бөлек, республикалық бағдарламаларға мониторинг жүргізу, тазалық және алдағы көктемгі маусымда көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері талқыланды.
Мәжіліс соңында Нұрлыбек Машбекұлы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!