Маңғыстау облысының алданған тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалаудың қақ ортасына орналасып, әділдік талап етуде. Олардың әрқайсысының атына қымбат жол талғамайтын көліктер мен автокөліктер несиеге рәсімделген. Бірақ несиегерлердің банкке қарызы болса да, көліктері жоқ, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Исақов Махмұт деген кісі бар. Ол – інімнің досы. Ол маған несиеге Land Cruiser рәсімдеді. Үшінші айда қарызды өтейтінін айтты. Ол доллар курсының төмендігін пайдаланып, кейін көлікті қымбат бағаға сатқысы келетінін айтты”, – дейді Бағила Үмітқұлова.Несие рәсімдеген соң көлікпен бірге жоғалып кеткен. Ал мен ай сайын 411 мың теңге төлеуім керек. Әйел астанада ашық аспан астында бес күннен бері түнеп жүр. Онымен бірге тағы бірнеше адам бар. Олар өздерімен бірге жылы көрпе мен кілем алып, дәл орталық бульвардағы көпірдің астына орналасқан. Оларға қарап шетелдік қымбат көліктердің иелері деп айтпайсың. Барлығы бірдей жүйенің құрбандары.
Көлік бойынша алаяқтар туыстық немесе достық қарым-қатынасты қолдана отырып, сенімге кірген. Содан кейін адамдарға 16-20 миллион арасында несие рәсімдеген. Автокөліктерді қайта сатып, қарызды жабуға уәде берген, ал бұл келісім үшін 70-тен 200 мың теңгеге дейін сыйақы төлеп отырған. Әрине, несиені ешкім өтемеген.Тек Маңғыстау облысында мұндай алаяқтықтан 189 адам зардап шекті. Барлығы 16 көлік табылды, олар қазір тұрақта.Полицейлер үш адамды ұстады. Тағы біреуі іздеуде. Маңғыстау тұрғындарынан басқа, алаяқтардан Алматы қаласының тұрғындары зардап шеккен. Зардап шеккендердің көптігіне қарамастан, тергеу өте баяу жүріп жатыр дейді адамдар.“Анам қайтыс болғаннан кейін маған ақша керек болды. Айына небәрі 70 мың теңге аламын. Банктің 16 миллион теңгеге көлік сатып алуға рұқсат бергеніне таңғалдым. Келдім де, қол қойдым. Мүмкін, олар бәрін бірге ойластырған шығар. Үш баланы жалғыз тәрбиелеп жатырмын. Енді несиені қалай төлеймін? Көлік те жоқ, несие де жабылмаған”, – деді Бақтыгүл Ғалиева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!