Екі өлім де жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлауынан болған.

Атырауда бір күнде ауруханада екі жүкті әйел ауруханада қайтыс болды. Екеуі де – Мақат ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев арнайы өткізілген мәлім етті.

«Атырау облысында 12 қазанда екі ана өлімі тіркелді. Оның бірі – Атырау облыстық ауруханасында, екіншісі – Мақат ауданында. Бүкіл реанимациялық іс-шараға қарамастан дәрігерлер жүкті әйелдерді құтқарып қала алмады», – деді Асхан Байдуәалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың айтуынша, көз жұмған жүкті әйелдің бірі – 33, екіншісі – 34 жаста.

Екеуінің де артында балалары қалды. Екеуі де Мақат ауданының тұрғындары болған.

«Екі өлім де жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлауынан болған. Жүкті әйелдердің өлімінің болжамды себебі ретінде септикалық шок, вирустық-бактериялық генезис, септикалық пневмония болуы мүмкін екені қарастырылып отыр. Түпкілікті себептер қызметтік тексеру, патология-анатомиялық аутопсия нәтижесінен кейін нақтыланады», -деді Жанар Садуова.

Басқарма басшысының дерегіне сүйенсек, былтыр Атырау облысында 20 жүкті әйел көз жұмған. Оның ішінде 16 әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!