Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта жабық тұрған жолдар тізімін жария етті.

Компания ауа райының бұзылуына байланысты 13 желтоқсанда көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты. Елімізде қазіргі уақытта жабық тұрған жолдар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Шығыс Қазақстан облысы

13 желтоқсан сағат 16:00–де «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

13 желтоқсан сағат 18:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен — Риддер –РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырым аралығындағы учаскесінде (Белоусовка ауылы — Риддер қаласы) жүк және қоғамдық көлік түрлеріне шектеу қойылады.

Абай облысы

13 желтоқсан сағат 17:30–да республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсанды айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 756–910 шақырым аралығы (Семей қ. — Қалбатау а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 

13 желтоқсан сағат 19:00–де республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

• «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы). Шығыс Қазақстан облысы:

• «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

13 желтоқсан сағат 20:30–да республикалық маңызы бар «Семей-Қайнар» 8-284 шақырым аралығы (Семей қ. — Қайнар а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 

Ақтөбе облысы

13 желтоқсан сағат 18:00–де Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» 181-254 шақ., (Шұбарқұдық ауылы — Қарауылкелді ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлеріне шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 05:00–де ашу жоспарланған.

13 желтоқсан сағат 21:00–да «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл ЖҚС — Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

13 желтоқсан сағат 21:00–да «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы — Қобда ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

13 желтоқсан сағат 21:30–да «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шек. (Құрманғазы ө/п)» автожолының 104-181 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Шұбарқұдық елді мекеніне дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы

13 желтоқсан сағат 18:00–де республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» 248-359 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Ақсу-Аюлы кенті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Батыс Қазақстан облысы

13 желтоқсан сағат 20:00–де республикалық маңызы бар «Казталовка-Жанібек-РФ шекарасы» 10-103 шақырым аралығы (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған. 

13 желтоқсан сағат 21:00–де республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысы шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған. 

13 желтоқсан сағат 22:10–да «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолының 1-103 шақырым аралығында (Өнеге ауылынан Сайқын ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы

13 желтоқсан сағат 22:00–де Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2152-2214 шақырымы аралығында (Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 

Алматы облысы

13 желтоқсан сағат 22:00–де Жамбыл және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Қарағанда-Алматы» автожолының 2214-2295 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Қаншеңгел ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!