Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы басталды.


Еліміз үшін маңызды Жолдауды Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Құдайбергенов және аппарат қызметкерлері мен ауылдық мәдениет үйі ұжымымен бірге тыңдадым.

Ел Президенті дәстүрлі Жолдауында алдымен атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Сонан соң алдағы міндеттер мен кейбір кемшіліктерді атап өтті. Сонымен бірге алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалғанын айтып өтті.


«Баршаңызға мәлім, мен жыл сайын халыққа Жолдауымды Парламент сессиясының ашылуында жариялаймын. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мәні бар. Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндеттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды. Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауын асыға күтетініміз рас. Бастысы, айтылған мәселелер жоспарлы мерзімде жүзеге асса, онда ел үшін тиімділігін бермек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік, экономикалық даму, жер мәселесіне дейін тарқатуда.
Еліміздегі моноқалалар, аудандар және ауылдарға қаржының басым бөлігін аудару қажеттігін де айтты.

Нұрман АБДРАСИЛОВ,

Сырдария аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!