Бұл туралы «Ұлыссұхбатта» Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова білдірді
ОСЫДАН 3 АПТА БҰРЫН МАҒАН АТА-АНАЛАР ХАБАРЛАСТЫ, ФЕЙСБУКТЕ ҚАЙТА-ҚАЙТАТЕГТЕП ЖАЗДЫ. 3-ТОҚСАНДА ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП, ТАҢҒЫ СЕГІЗДЕН КЕШКІ БЕСКЕ ДЕЙІН ТОЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНДЕ БІЛІМ АЛАТЫН НЗМ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАҢҒЫ АСЫН ЖӘНЕ ТҮСКІ АСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫ АТА-АНАЛАРҒА ЕСКЕРТПЕСТЕН, БАЛАЛАРМЕН, ҚОҒАММЕН КЕЛІСПЕСТЕН, ҚЫСҚАРТЫП ТАСТАҒАН. БҰЛ ҮЛКЕН НАРАЗЫЛЫҚ ТУДЫРЫП ЖАТЫР. ОНДА ЫҒАЙ-СЫҒАЙДЫҢ БАЛАЛАРЫ ОҚИДЫ ДЕГЕНГЕ КЕЛІСПЕЙМІН. КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДЕН ӨТЕТІНДЕР – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАПАЙЫМ БАЛАЛАРЫ. БІЛІМІН ДӘЛЕЛДЕГЕН, БІЛІКТІЛІГІН КӨРСЕТКЕН БІРАЗ БАЛА – БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚТЫҢ АТЫН ШЫҒАРАТЫН, ОСЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА АТСАЛЫСАТЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЗДІҢ БУЫНЫМЫЗ. МЕНІҢ ОЙЫМША, МЕКТЕПТІ САҚТАУ КЕРЕК, БІРАҚ БӨЛІНІП ЖАТҚАН ҚОМАҚТЫ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚАЙДА ЖҰМСАЛЫП ЖАТҚАНДЫҒЫН, КЕМБРИДЖГЕ ЖҰМСАЛСА, ҚАНДАЙ БАҒЫТТА, ҚАНДАЙ МАҚСАТТА НЕМЕСЕ НИДЕРЛАНДЫДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР ОРТАЛЫҒЫНА ЖҰМСАЛСА, БҰНЫҢ ҚАЙТАРЫМЫ ҚАНДАЙ ДЕГЕН ДҮНИЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК. ЖАЛПЫ НЗМ-ДА ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ БАР, БАСҚАРМАСЫ БАР ОЛ ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРУІ КЕРЕК. ӨЙТКЕНІ ҚАРАЖАТ, ҚАЙТАЛАП АЙТАМЫН, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРАЖАТЫ. СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ОРЫН АЛҒАН МӘСЕЛЕ НЗМ МҰҒАЛІМДЕРІ ҚАЗІРГІ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ МҰҒАЛІМДЕРДЕН, ҚАТЕЛЕСПЕСЕМ, ЕКІ ЕСЕ ТӨМЕН АЙЛЫҚ АЛАДЫ. ҚАҢТАРДЫҢ БІРІНЕН БАСТАП (2023 ЖЫЛДЫҢ – РЕД.) ТАҒЫ ДА ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ МҰҒАЛІМДЕРІМІЗДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН 25 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРДІК. АУЫЛДА ТҰРАТЫН ЕҢ ЖОҒАРЫ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ БАР ЖӘНЕ ЕҢ ЖОҒАРЫ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИЛІКТІ МЕҢГЕРГЕН АУЫЛ МҰҒАЛІМІ 720 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ АЛАДЫ. АЛ НЗМ МҰҒАЛІМДЕРІ БҰДАН ЕКІ ЕСЕ ТӨМЕН АЛАДЫ. ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРІП, БАСҚА МЕКТЕПКЕ АУЫСҚЫСЫ КЕЛСЕ, ОНДА БАСҚА МЕКТЕПТЕРДЕ БҰЛАРДЫҢ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ. ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ОКЛАДТЫ ЖҮЙЕМЕН АЙЛЫҚ ТӨЛЕЙДІ, ЯҒНИ ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ЗАҢЫ АЯСЫНДА, ОНЫҢ МАГИСТРАТУРАҒА, ДОКТОРАНТУРАҒА ТӨЛЕНЕНЕТІН ҚОСЫМША АҚЫЛАРЫ БАР ҒОЙ. СОНЫҢ БІРЕУІН ДЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ АЛМАЙДЫ. СОНДА ҚАРАЖАТТЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚАЙДА КЕТІП ЖАТЫР? -ДЕДІ ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!