Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев басқарған облыстық жұмысшы топ барлық аудандарды аралап, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесті.Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, қаржы институт өкілдері, «Қазсушар» РМК филиалының басшысы мен әр ауданнан 90-ға жуық шаруашылық иелері қатысты. Жиын барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласының бірқатар мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, құрылған жұмысшы топ өкілдері ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау, субсидия беру нормативтері мен жеңілдетілген несиелер беру тетіктері бойынша толыққанды түсіндірме берді.Сондай-ақ, егін егу науқанының дайындық барысы, ауыспалы егіс тәртібін сақтау, егісті әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру үшін картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдерін ұлғайту, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, ұжымдық еңбек келісім шарттарға отыру, еңбек ақы, салық, әлеуметтік төлемдер мәселелері, шаруашылық басшыларының үлескерлер алдында есеп беру жағдайы талқыланып, өзекті мәселенің бірі ретінде мал шаруашылығын дамыту мен жайылым мәселесі де қозғалды.Бұдан бөлек, биылғы жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан ауыл халқының табысын арттыру «Ауыл аманаты» бағдарламасының ережесі ақпараттандырылды.Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өзге де өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарымен пікір алмасты.

Шаһизада ИСА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!