Аймақта 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау мақсатында ауқымды фитосанитариялық іс-шаралар атқарылды. Облыстық инспекция деректерінің мәліметінше, биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 70 682 гектар жер көлемінде химиялық өңдеу жүргізілді. Зиянкестермен күрес тек шегірткемен ғана шектелмейді. Биыл жатаған у кекіреге қарсы – 97,5 га, қауын шыбынына – 1 750 га, калифорниялық қалқанша сымырына – 34,5 га, арамсояуға – 427,87 га жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілген. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Оразбаев баяндады.
– Биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына келісім шарт негізінде 4 арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақ және 3 дрон, қосымша 3 ұшақ, 10 жер агрегаты – барлығы 23 техника қатыстырылды. Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын тиімді ұйымдастыру-үйлестіру мақсатында,аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалынды. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылды. Осыған сәйкес, өңдеу жұмыстары жүргізілетін әр ауылдық округтер бойынша қажетті техникалар, зертеушілер мен жауапты мамандар бекітіліп, тиісті деңгейде жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, сауда базарларына жүргізілген қадағалау нәтижесінде биыл 75 әкімшілік айыппұл салынды,- деді Мұхтар Әуесұлы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!