«Азық-түлік корпорациясы» АҚ басшылары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

“Азық-түлік корпорациясының өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдарының бірқатар басшылары әшкереленді. Астықты ұрлау фактісін жасыру үшін пара беруге тырысқан кезде, астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астанада қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге пара алғаны анықталды.

“Айыпталушылар сотқа тартылды. Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол 350 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді», – деп толықтырды Антикор.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!