Екібастұзда еріктілер 15 жыл бұрын байланысын үзген ана мен баланың қайта жүздесуіне көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavon.kz сайтына сілтеме жасап.
Игорьдың анасы ата-ана құқығынан айырылғандықтан, ол балалар үйінде тәрбиеленді. Осыған қарамастан, жігіт өзінің жақынын табуға ниеттенді. Іздеу үшін ол «Вита» отрядының іздеу жүйелеріне жүгінді.
Әйелді табу біраз уақыт қажет етті, десе де көптен күткен кездесу өтті. Еріктілер тіпті Instagram-да әсерлі бейне жариялады.
«Бірнеше ай бұрын Екібастұздық еріктілерімізге жігіт анасын табуға көмек сұрады. Игорь анасын көргісі келді. Жігіттің айтуынша, Екатерина Александровнаның соңғы рет болған жері – Екібастұз қаласы, сондықтан ол жергілікті еріктілерге жүгінді», – деді іздеушілер.
Еріктілер ұл мен ананың кездесуін жаңа жылдық ғажайып деп атады.
«Біз жігіттің анасын іздеп жүргенін жергілікті теледидар мен әлеуметтік желілерде барынша тараттық. Міне, 15 жылдан кейінгі кездесу. Біз әйелдің іс-әрекетін немесе неге балалар үйінде болғанын анықтап, сынамаймыз. Бастысы – екеуі де кездесуді аңсады және кездесті. Жаңа жыл қарсаңында жігітке қуаныш сыйлағанымызға разымыз», – деді іздеушілер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!