Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен 2023 жылғы 23 қазанынан бастап, Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ерлан Мырзалыұлы 1988 жылдың 25 қарашасында Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді.
2006-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» факультетін бітірген.
Еңбек өтілі:
28.09.2010 – 12.10.2013 ж.ж.: «SALINI Costruttory S.p.A» италиялық компаниясында аудармашы-референт;
01.04.2014–01.10.2016 ж.ж.: «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығында сарапшы, жетекші сарапшы;
01.10.2016–25.12.2017 ж.ж.: Қызылорда облысы әкімі аппаратында инспектор, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі;
26.12.2017–02.04.2018 ж.ж.: Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімі аппаратында әдіскер;
06.04.2018–05.02.2020 ж.ж.: Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшы;
15.02.2020–02.01.2021 ж.ж.: «Теңізшевройл» мұнай компаниясында аға-сметашы;
15.09.2021 – 06.10.2022 ж.ж.: Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де бөлім басшы, мекеме директоры;
07.10.2022 – 22.10.2023 ж.ж.: Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!