Енді мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен бірге қарапайым жеке меншік кәсіпорындарда қызмет ететін азаматтар да баспана алуға кезекке тұра алады.

Мәжілісте арнайы заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай айтты.

Үкімет тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі жаңа заң жобасын әзірледі. Енді кез келген Қазақстан азаматы баспана кезегіне тұрып, 5%-дық несиемен пәтер ала алады. Ол үшін он жыл бойы өз атында үй болмауы керек.

Еске салайық, бұл бағдарлама әлі талқылау үстінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!