Заңда оған қатысуға құқығы бар адамдар тобы белгіленген – бұл 18 жасқа толған ҚР азаматтары.
Референдум өтетін күні оған қатысатын әрбір адам «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген жалғыз сауалға жеке өзі жауап беруге құқылы.
Тізімге тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі.
Осы тізімдер а.ж. 15 мамырға дейін учаскелік референдум комиссияларына берілді, олар өз кезегінде оларды а.ж. 20 мамырдан кешіктірмей (дауыс беру күніне дейін 15 күн бұрын) азаматтарға танысу үшін ұсынады. Осы күннен бастап азаматтар олармен таныса алады.
Тізімдердегі өзі туралы деректердің дұрыстығына көз жеткізу маңызды және қателер, жаңсақтықтар анықталған немесе мәліметтер болмаған жағдайда, тиісті өзгерістер енгізу туралы референдумның учаскелік комиссияларына жүгіну керек.
Ол жерде азаматтар нақты болу орны бойынша басқа учаскеде дауыс беруге мүмкіндік беретін есептен шығару куәлігін ала алады.
Бұл туралы алдын ала қамдану керек, өйткені оларды беру а.ж. 4 маусым күні сағат 18:00-де тоқтатылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!