Қызылордада баспана алып беремін деген алаяқ тұрғындардың 10 миллион теңгесін алдып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 маусымда қаланың полиция бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 14 тұрғыннан арыз түскен. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап алаяқ жәбірленушілердің 10 миллион 820 мың теңгесін алдап алған. Ол қызылордалықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектен тыс баспана алуға көмектесуге, сондай-ақ баспана кезегін ілгерілетуге уәде берген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталған 27 жастағы Қызылорда тұрғынын ұстады», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтық жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!