Бала өзі тұратын көшенің мәселесін көрсету үшін қолына телефон ұстап, далаға шыққан.
Алматы тұрғыны аудандардың біріндегі батпақ жолдар мен жедел жәрдем көліктерінің аянышты күйін видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Tengri Life.
Қазақстандықтар мегаполис мәселесіне бейжай қарамайтын кішкентай баланың азаматтық ұстанымына тәнті болды.
Бала өзі тұратын көшенің мәселесін көрсету үшін қолына телефон ұстап, далаға шыққан. Ол шалшық, шұңқыр, батпақ жолдарды, оған батып қалған жедел жәрдем көліктерін түсіріп алған. Видео Желіде жарияланды.
«Әкімдікке жібереміз, жол салсын. Мұнда жайдан-жай шықты деп ойласыз ба? Бес жылдан бері жол салған жоқ», – деп ашуланады бала видеода.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!