kazbilim.kz

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова 4 жыл университетте жақсы оқыған білікті ұстаздардың жас легі келе жатқанын айтты.

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ АРҚАСЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ ЕКІ ЕСЕГЕ КӨТЕРІЛДІ. 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ТАҒЫ 25 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРІЛІП ЖАТЫР. ҚАЗІРГІ ТАҢДА БІЛІМ НАРЫҒЫНДА, ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНА ДЕГЕН СҰРАНЫС АРТТЫ. СЕБЕБІ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ АЙЛЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ БҮГІНГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛДЫ. АЙЛЫҚ КӨТЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН СОҒАН САЙ БІЛІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МҰҒАЛІМНЕН СҰРАУ СҰРАЛУЫ ҚАЖЕТ. БҰЛ РЕТТЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЕБЕРЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНА БАРАТЫНДАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙТІЛДІ. БҰРЫН МЕКТЕПТІ ЖАҚСЫ БІТІРГЕН БАЛА МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАМАЙТЫН. КВОТА АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНА ТҮСКЕН, СОЛ ЖЕРДЕ ҮЗДІК ОҚЫҒАН СТУДЕНТ НЕМЕСЕ ТҮЛЕК МЕКТЕПКЕ БАРМАЙТЫН. ӨЙТКЕНІ АЙЛЫҚ ӨТЕ ТӨМЕН. СОНЫМЕН ҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖОҚ МАМАНДЫҚ БОЛҒАНДЫҚТАН, ҮЛКЕН ВАККУМ ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛДЫ. 2019 ЖЫЛДАН БАСТАП РЕФОРМАЛАР ӨЗІНІҢ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕЛЕРІН БЕРДІ. 2021 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНА ҰБТ-ДА ҚОЙЫЛАТЫН ШЕКТІ ҰПАЙ 85 БАЛҒА КӨТЕРІЛДІ. БЫЛТЫР МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫНА ӨТКЕН ЕҢ ТӨМЕНГІ БАЛ 103 БАЛЛ БОЛДЫ. БІЗ 4 ЖЫЛДАН КЕЙІН МЕКТЕПТІ ЖАҚСЫ ОҚЫҒАН, СОНЫМЕН ҚАТАР МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ЖҮРЕГІМЕН СЕЗІНІП ТҮСКЕН, 4 ЖЫЛ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҚСЫ ОҚЫҒАН БІЛІКТІ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖАС ЛЕГІ КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН КӨРІП ОТЫРМЫЗ. ҰСТАЗДАРҒА ҮМІТ АРТАМЫН. ОЛ ҰСТАЗДАР ҚАТЕСІ БАР ОҚУЛЫҚТАРМЕН САБАҚ ӨТКІЗБЕЙТІНІ АЙДАН АНЫҚ.

БҮГІНГІ 40 МИНУТТЫҢ МАЗМҰНЫН БАСҚАША БЕРЕДІ. ОЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСҚА АРНАЙТЫНЫНА СЕНІМ БІЛДІРЕМІН. БҰЛ ҮЛКЕН РЕФОРМА БОЛДЫ. PISА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕСТІСІ БОЙЫНША 4-5 ӨҢІР ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ, МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНАН ТӨМЕН ШЕКТІ БАЛЛ АЛЫП ОТЫРДЫ. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ БЫЛТЫР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ СОЛ ЖЕРЛЕРГЕ ІРІКТЕУ АРҚЫЛЫ ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМДЕР ДЕСАНТЫН ЖОЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖОБА БАСТАДЫ. БҰЛ ЖОБА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБА РЕТІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАНДЫҚТАН, ОНЫҢ НӘТИЖЕСІН ӘЛІ ДЕ ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ. ДЕГЕНМЕН СОҢҒЫ 2-3 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМГЕ БЕТ БҰРҒАН, БІЛІМНІҢ КУЛЬТІН ЖАСАҚТАУҒА ҚАТЫСҚАН ІРІ РЕФОРМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ»,- ДЕП АТАП ӨТТІ ЭКС-ДЕПУТАТ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!